Атырау қаласында көпқабатты қонақ үйде ірі өрт болды - ҚР ТЖМ

АНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау қаласында көпқабатты қонақ үйде ірі өрт болды.
None
None

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, кеше сағат 20.40-та Баймұханов 17 «Б» мекен-жайында орналасқан төрт қабатты «РАШ» қонақ үйінің жоғары қабатынан өрт шығып, жалын 372 шаршы метр аумаққа жайылды. Салдарынан осы қабаттағы 14 нөмір мен мансардтық қабаттағы демалу бөлмесі толығымен жойылды.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 40 адамы мен 9 техникасының күшімен сағат 22.35-те тоқтатылып, 23.05-те толығымен ауыздықталды.

Құтқарушылар анықтағандай, от кезінде 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум