00:25, 15 Тамыз 2015 | GMT +5
Атырау қаласының шағын аудандарын түтін басты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жұма күні түстен кейін Атырау қаласының кейбір шағынаудандарын түтін басқан.
«Түтінденуге бейсенбі күні қаладан шамамен 30 шақырым жердегі «Ақ Жайық» табиғи резерватының қамыс нуында шыққан өрт себеп болған. Өткен түнде қамыстар өртеніп біткендей еді. Алайда жұма күні жел күшейіп, өрт қайта бықсыды. Әрі, желдің бағыты қала жаққа қарай өзгерді. Резерват қызметкерлері өртті сөндіруге тырысуда, алайда батпақты жер болғандықтан, ол жерге техника бара алмайды, сондықтан өрт мотопомпа көмегімен ауыздықталуда», - деп хабарлады Қазақпарат тілшісіне Атырау облысы ТЖ департаментінен.