12:30, 03 Наурыз 2012 | GMT +5
Атырау қаласының тұрғыны өмірін қатерге тіге отырып, артиллериялық снарядты өткізді
АТЫРАУ. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысы Жалғансай ауылының тұрғыны полицияға сыйақыға артиллериялық снарядты тапсырды.

Оның сөзіне қарағанда, ол қауіпті затты Жайық өзенінің жағасынан тауып алған. Облыс аумағында полицияға сыйақыға қару тапсыру шарасы өтіп жатқандығын білген ол, снарядты үйіне алып келген. Олжасы туралы одан кейін полицияға хабарлаған.
«Азамат жарылғыш затты тапсырғаны үшін заңға сәйкес 10 мың теңгеден астам сыйақы алды. Дегенмен, мұндай тәуекелге барудың қажеті жоқ еді, полицияға бірден хабарлау керек болатын. Себебі ескі снард тасымалдау кезінде жарылып та кетуі мүмкін», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.