Атырау мұнай өңдеу зауытында жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару күрт өседі

АТЫРАУ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Атырау МӨЗ-да мұнайды терең өңдейтін кешен құрылысына байланысты келісімшартқа қол қойылды. Құрылыс аяқталған соң жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару күрт өседі.
None
None

«Мұнайды терең өңдеу зауыты өз алдына жоғары октанды бензин және дизель отынының өнімін арттыруға көмектеседі, атап айтқанда қазіргі 600 мың тоннаның орнына жылына 1 млн. 743 мың тоннаға дейін өнім өндіретін болады. Сондай-ақ жылына 1 млн. 400 мың тонна дизель отыны өнімі шығарылатын болады. Оның үстіне, ол ЕУРО-5 стандарттарының деңгейіне сәйкестендіріледі », - деді АМӨЗ-нің бас директоры Талғат Байтазиев.

Кешеннің құрылысына байланысты келісімшарт «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен қытайдың «Sinopec Engineering» консорциумы, жапондық «Marubeni Corporation» компаниясы және МГҚК «ҚазқұрылысСервис» АҚ арасында жасалды.

Мұнайды терең өңдейтін кешеннің құрылысы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асады.

Жобаның құны ққс-мен 1 млрд. 679 млн. 892, 5 мың АҚШ долларын құрады. Жобаны іске асыру мерзімі - құрылыс басталғаннан бастап 41 ай. Құрылыс 2016 жылы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар