19:08, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа кешені экологиялық тазалыққа бағдарланған - зауыттың бас инженері Қайрат Оразбаев
АТЫРАУ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2014 жылы құрылысы аяқталғаннан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хош иісті көмірсутектерін мұнайдан бөлетін кешенде атмосфераға бензол таралуы жылына 30 мың тоннаға дейін қысқарады, деп мәлім етті кәсіпорынның бас инженері Қайрат Оразбаев.
Оның айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында басталған хош иісті көмірсутек шығаратын өндіріс екі мақсатты көздейді. Оның бірі - Қазақстанда әлемдік нарықта бағаланатын бензол мен параксилол өндірісін жолға қою. Жылына 133 мың тонна бензол, 496 мың тонна параксилол шығарылады. Екінші мақсат - шығарылатын бензиннің сапасын жақсарту.
«Мұнайдан хош иісті көмірсутектерін бөлу зауытта Еуро-4 деңгейіндегі экологиялық таза бензин өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның құрамындағы канцерогенді заттар 5-тен 1 пайызға дейін қысқарады. Немесе жылына 30 мың тонна. Бұл экологияны елеулі түрде сауықтырады», - деді Қ.Оразбаев.