Атырау облыстық ІІД-де басқармалар мен бөлімдер басшылары ауысты
Атырау облыстық жол полициясы бастығы болып подполковник Мұхаметжан Оспанов тағайындалды. Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне полковник Қамза Үмбетқалиев отырды. ІІД кадр бөлімінің бастығы полковник Болат Лұқманов болды. Криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметіне полковник Нұрхат Оразбаев тағайындалды. ІІД балық қорларын бүлдіру қылмысымен күрес бөлімінің бастығы қызметіне полковник Асан Шалқаров тағайындалды. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы полковник Әбілсейіт Әміров болды. Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына подполковник Ерболат Досмағұлов тағайындалды.
Еске сала кетейік, облыстағы сыбайлас жемқорлық қылмысының өршуіне байланысты облыстық ІІД жаңа бастығы болып полиция генерал-майоры Арман Жалмұхамедов тағайындалған болатын. Бұған дейін А.Жалмұхамедов көршілес Батыс Қазақстан облысының ІІД-ін басқарды.