Атырау облысы Индербор кентінде 120 отбасы қоныс тойын тойлады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Индербор кентінде үш қабатты екі 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді.
None
None

«Бүгіннен бастап 120 отбасы қоныстанатын үйдің құрылысы өткен жылы басталған. Оларды жергілікті бюджеттің қаражатымен «АтырауВитаСервис» және «KazConstrionGroup» компаниялары жүргізді. Бірінші кезекте, жаңа тұрғын үй Индер ауданының бюджет саласындағы қызметкерлеріне арналды. Мұндай нысандар республиканың барлық жерлерінде салынып жатқанын атап өткен жөн. Біздің облыста ауқымды жобалар, әсіресе тұрғын үй құрылысы бесенді іске асырылуда. Аудан орталықтары, ірі елді мекендерді дамытуға баса назар аударамыз. Облыстық мәслихат сессияларының бірінде Исатай ауданы Жамбай ауылын, Мақат ауданының Доссор ауылын, Индер ауданының орталығын, Индербор кентін дамыту туралы шешім қабылдады. Бұған облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді», - деп хабарлады жаңа пәтер кілттерін тапсыру рәсімінде Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.

Өңір басшысы 30 жыл бойы Индербор кентінде бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі үйлердің салынбағанын еске салды.

«Облысымыздың елді-мекендерінде алдағы айларда 7 көппәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, олар қолданысқа беріледі. Жыл сайын облыс бойынша жарты миллионнан астам шаршы метр көлемінде тұрғын үй қолданысқа беріледі. Соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 76 тұрғын үйдегі 3 813 пәтер қолданысқа берілді. Алайда кей көпқабатты үйлердің сапасы көңіл көншітпейді. Мұны ескере отыра құрылыс пен жобалар технологиясы өзгертілді», - деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. «Елді мекендерде таяу айларда тағы осындай 7 көппәтерлі үй салынып, пайдалануға беріледі», - деді Б. Ізмұхамбетов.

Аудан орталығы тұрғындарымен әңгімелескен облыс әкімі көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалған жұмыстар жайлы хабардар етті. Атап айтқанда, көлік қатынасын едәуір жеңілдететін «Атырау-Индер» автожолын күрделі жөндеуді аяқтау мәселесі қозғалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум