Атырау облысы Махамбет ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Әлимұхаммед Құттымұратұлы 1983 жылы туған. 2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетті, 2012 жылы қазақстандық-ресейлік халықаралық университетті тәмамдады. Экономист, заңтану бакалавры.
Еңбек жолын 2004 жылы «Ара-А» ЖШС-да жабдықтаушы болып бастады.
2008-2010 жылдары - БҚО әкімі аппаратының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бас маманы, экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша бас маманы. 2010-2012 жылдары БҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, кейін Орал қаласы әкімінің орынбасары. 2012-2013 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
Махамбет ауданының бұрынғы әкімі Әлібек Наутиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды.