Атырау облысы Сербиямен ынтымақтастықты әрі қарай дамыта түспек

АТЫРАУ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Сербия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Владимир Миркович Атырауда болып қайтты.
None
None

Елшінің өңірге жасаған сапары барысында ол облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесті.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, әңгіме Атырау облысы мен Сербия Республикасы арасындағы іскерлік ынтымақтастықты кеңейту бағытында өрбіді. Бәрінен бұрын ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ден қойылатын болады. Оған қоса, ешкі сүтін өндіру кәсіпорнын құруға қажетті құрылғыларды Сербиядан әкелу келісілді.

Соңғы жаңалықтар