Атырау облысына голландиялықтар салатын инвестиция көлемі артады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Голландия Атырау облысының агроөнеркәсібіне құйылатын инвестиция көлемін ұлғайтуға әзір. Бұл туралы бүгін өңір әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетовтың ҚР-дағы Нидерланды Корольдігінің Елшісі Ханс Дриссердің жетекшілігімен Нидерландыдан келген ресми делегация өкілдерімен кездесуі барысында айтылды.
None
None

«Голландиялық кәсіпорындар облыста көптеп жұмыс істеуде: Атырауда 12 компания жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі мұнай-газ саласында жұмыс жасайды. Алайда соңғы жылдары өңірде экономиканың ауыл шаруашылығы саласы жедел қарқынмен дами бастады. Агроөнеркәсіптік кешенде голландиялық технологиялар, атап айтқанда, құс шаруашылығы, өндірістің өнімділігіне ықпал ететін жылыжай құрылысында ойдағыдай қолданылуда. Голландиялық технология бойынша биылғы жылы жаңадан бекіре тұқымдас балық өсіру мен қара уылдырық өндіру жобалары іске қосылды. Сүт өнімдерін өндіру кешені салынып, пайдаланылуда. Голландиялық компанияларға жергілікті бизнеспен ынтымақтасып жұмыс істейтін бағыттар жетерлік», - деп нақтылады Б.Ізмұхамбетов.

Қазақстанда, оның ішінде Атырау облысында шетел инвестицияларын тарту үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Қазірде өңірдің ауыл шаруашылығы саласына голландиялық инвестиция құйылатын бірнеше жобалар нақтыланып та қойған, деді Х.Дриссер. Кездесу нәтижесі бойынша бір топ атыраулық кәсіпкерлер Голландияға баратын, ал ол елдің бизнесмендері Атырау облысына келетін болып шешілді.

Соңғы жаңалықтар