Атырау облысына қарасты республикалық автожолдарда 17 жылыну бекеті құрылды

ЫРАУ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысына қарасты республикалық маңызы бары автожолдарда қыс мезгілінде 17 жылыну бекеті жұмыс істейтін болды.
None
None

«Өткен жылдардағы тәжірибені ескерсек, негізінен қар құрсауында Атырау-Орал, Атырау-Құлсары-Теңіз, Индер-Қарабау-Миялы, Атырау-Доссор-Сағыз автожолдарының учаскелері қалып қояды. Қар құрсауының ұзындығы бұл жерлерде 10-нан 60 шақырымға дейін жетеді. Міне осы қауіпті учаскелерде жылыну бекеттері жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаров.

Б.Омаровтың атап өтуінше, барлық ұйымдастыру мәселелері шешілген. «Көліктегі медициналық қызмет» АҚ дәрі-дәрмек қорын әзірлеп, жол бойында зардап шеккендерді қабылдау үшін 5 төсек-орын дайындап қойды. Тек облыстың Исатай мен Мақат аудандарында орналасатын 5 жылыну бекетінде телефон байланысына төлем жасау проблемасы ғана шешілмей отыр.

Соңғы жаңалықтар