Атырау облысында 2010 жылы Жол картасын жүзеге асыру үшін 3,8 млрд. теңгенің инвестициялық жобалары айқындалды

АТЫРАУ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында 2010 жылы Жол картасын жүзеге асыру үшін 3,8 млрд.теңгенің инвестициялық жобалары айқындалды. Бұл туралы жергілікті атқарушы органдардың «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасын, Жол картасы мен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы есеп берген активінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов айтты. 
None
None

2009 жылы аймақта Жол картасы бойынша барлығы 47 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл - мектеп, аурухана құрылыстары және оларды жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары, жолдар, жаңа газ құбырларын, су құбырларын тарту, энергетикалық қуаттарды жаңарту. Бұл жобаларда 11 мыңнан астам жұмыс жасады», - деді Б.Дәукенов.

Адамдар жаңа жобаларға ғана жұмысқа орналасқан жоқ. Жол картасы бойынша 12 мың адам қажетті мамандықтарға қайта оқытылды, бұл олардың көпшілігін әртүрлі компанияларға орналастыруға мүмкіндік берді. Бұған облыс орталығы мен аудандарда өткізілген бос орындар жәрмеңкелері де едәуір көмектесті.

Б.Дәукеновтің мәлімдеуінше, «Жол картасы» 2010 жылы да жалғастырылатын болады. Қазірдің өзінде бюджет қаражаттарына салынатын немесе жөнделетін нысандар белгіленді.

Соңғы жаңалықтар