09:49, 26 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Атырау облысында 2015 жылы жалған кәсіпорындардың саны 10 есе артты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жалған кәсіпорындардың саны жедел қарқынмен өсу үстінде. Ағымдағы жылы олардың саны былтырғы жылға қарағанда 10 есе артты.
«2014 жылы аймақта жалған кәсіпорындардың ашылуымен байланысты небәрі 3 қылмыстық іс анықталған. Биылғы жыл аяқталмай-ақ осындай 30 оқиға анықталған. Яғни, 10 есеге артып отыр», - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асхат Қасымов.