Атырау облысында 275 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АТЫРАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында «Мигрант» операциясының барысында көші-қон полициясының қызметкерлері 275 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты.
None
None

Атырау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мқхтарованың хабарлауынша, шетелдіктер негізінен біздің елімізде жүріп-тұрудың мерзімдерін бұзған немесе тіркеу құжаттарында көрсетілгеннен басқа жерлерде тұрып келген.

«Сот шешімімен 132 шетелдік азамат Қазақстанның аумағынан шығарылды, тұлғаларын анықтау мақсатында 6 адам уақытша жайғастыру орталығына орналастырылды. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күштерін тарту және пайдалану кезінде көші-қон заңнамасын бұзуға жол берген 12 заңды тұлға жауапқа тартылды», деп хабарлады Г.Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар