16:48, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Атырау облысында 30 мектеп түлегі шетелдерге білім алуға аттанады
АТЫРАУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында кемінде 30 мектеп түлегі Ресейге және басқа елдердің жоғары оқу орындарына, ең алдымен медициналық білім ордаларына аттанады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл туралы облыс әкімі Бергей Рысқалиев денсаулық сақтау және білім салаларындағы проблемаларға арналған актив жиналысында мәлімдеді. Солардың бірі ? облыс орталығында және ауылдарда дәрігерлердің жетіспеуі. Аймақ басшысы биылғы оқу жылы бірыңғай ұлттық тестілеуде үздік көрсеткіштерге ие болған 30 түлек шетелдерде білім алатынын айтты. Бір студентті оқыту жергілікті бюджетке шамамен 90 мың долларға түспек. Бірақ әрбір түлекпен жасалатын шарт бойынша олар мамандық алғаннан кейін облысқа қызметке оралуға міндетті.