Атырау облысында 30 млрд. теңгеге залал келтірген жемқорлық фактілері бойынша 28 қылмыстық іс тергелуде - ҚР қаржы полициясы

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобы Атырау облысында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тағы 2 қылмыстық іс қозғады.
None
None

Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Атап айтқанда, 17 қыркүйекте Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Дәукеновке және басқа да тұлғаларға қатысты 2009-2011 жылдар аралығында «Бизнес-Көмек» Мемлекеттік қорына мешіт құрылысы үшін облыс шаруашылық субъектілерінен демеушік көмек ретінде жиналған 202 млн.теңге ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, 2012 жылғы 18 қазанда «KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICES» ЖШС директоры Р.Альбакасовқа және Атырау қалалық әкімшілігінің лауазымды тұлғаларына қатысты мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін сатып алуға бөлінген 343 млн.теңгені ұрлау фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғалды.

Осылайша, бүгінгі күні Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары және мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жасалған мемлекетке жалпы мөлшері 30 млрд.теңгеден астам залал келтірген сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қозғалған 28 қылмыстық іс тергелуде.

Қаржы полициясы органдарымен мемлекетке келтірілген залалды өтеуге бағытталған жұмыс атқарылуда. Құны 21 млрд.теңгені құрайтын кезінде заңсыз жекешелендірген 13 объекті ерікті негізде мемлекетке қайтарылды.

Бұдан бөлек, залалды одан әрі өтеп алу мақсатында тергеу-жедел тобы мүліктің 298 түріне тыйым салды. Олардың қатарында: 58 жер учаскесі, 126 бірінші және екінші кезектегі объектілер (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары мен пәтерлер), 5 коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестері, 10 транспорттық құрал, 90 бірлік құрал-жабдық, жалпы соммасы 1 млрд. теңгеден асатын 9 банкілік есеп-шот бар.

Сонымен қатар, лауазымды және басқа да тұлғалармен жасалған заң бұзушылықтардың жолын кесу, залалды өтеу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар қолданыстағы заңнама аясында жасалып жатқандығын атап өтеміз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум