11:27, 27 Сәуір 2013 | GMT +5
Атырау облысында АІІБ ғимаратынан адамдар қауіпсіз жерге шығарылды
АТЫРАУ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Атырау облысының Құлсары қаласында жергілікті Аудандық ішкі істер бөлімінен қызметкерлер мен келген халық қауіпсіз жерге шығарылып, ғимарат қоршауға алынды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары дәлізде жатқан күмәнді пакетті аңғарған. Металл іздеу құрылғысы оның ішінде металдың барын анықтады. Облыс орталығынан шұғыл түрде саперлер шақырылды. Олар пакетте «Оқу» деген жазуы бар заттың жатқандығын хабарлады.
«Осылайша тәртіп сақшыларының қырағылығы тексерілді», - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметінен.