16:11, 04 Наурыз 2010 | GMT +5
Атырау облысында «Алия» еврей мәдени этномәдени бірлестігі жұмысын қайта жалғастырды
АТЫРАУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда қайта тіркелгеннен кейін «Алия» еврей этномәдени бірлестігі жұмысын жалғастырды.
Бірлестік жетекшісі болып кәсіпкер Павел Ткач сайланды. Оның айтуынша, ұлтаралық саясат - Қазақстан брендтерінің бірі. Бұл тәжірибені қазір бүкіл әлемде зерделеуде. Сондықтан да еврей этномәдени бірлестігі, ең алдымен біздің жалпы құндылықтарымызды, Қазақстанның барлық халықтарының топтасуын насихаттайды.
Бірлестік жұмысының тағы бір бағыты еврей халқының тілін, тарихы мен мәдениетін оқып-үйрену болмақ.