Атырау облысында аудандық әкімдік қызметкері пара беру кезінде ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 1,6 млн теңге мөлшерінде пара бермек болғаны үшін Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы күдікті ретінде ұсталды.
None
None

«Аудандық әкімдік қызметкері Атырау облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманына пара бермек болған кезде ұсталды. Бас маман мемлекеттік сатып алу кезінде оң шешім шығаруды 1,6 млн теңгеге бағалаған. Жылыой ауданы ТКШ бөлімінің басшысына қатысты ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлігі (пара беру) бойынша және Атырау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманына қатысты ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
Референдум