03:09, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
Атырау облысында ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкері 5 жылға сотталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жылыой аудандық сотында азамат С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.
«Сотта дәлелденгендей, сотталушы С. аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік инспекторының көмекшісі міндетін атқара жүріп, өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, Құлсары қаласының тұрғынына күш қолдану арқылы дене жарақаттарын салған. Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 308-бабының 4-бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танылды. Осы бап бойынша оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан және 5 жылға құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада. Үкім заңды күшіне енген жоқ.