20:30, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Атырау облысында құлаған «Рейс» зымыраны болып шықты
АТЫРАУ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысында құлаған ұшу аппараты «Рейс» зымыраны болып шықты, деп хабарлады БАҚ өкілдеріне Ресейдің әскери әуе күштері зениттік-ракеталық әскерінің бастығы, генерал-майор Сергей Попов.
Әскерилер ұшқышсыз нысана-зымыран Астраханьға қарасты Ашулук полигонынан жіберілгенін растады. Тактикалық қанатты зымыран тәріздес нысана ұшу бағдарламасын орындамай, бағдарынан ауытқып кетті де, жерге құлады.
«Ұшқышсыз ұшу аппаратының құлау ауданы шамамен 100 метрді құрады. Бұл 20 х 5 метр. Аппараттың ұзындығы - 12 метр. Қанаттарының құлашы - 2,5 метр. Ұшу аппаратының құлау орнында радиациалық фон деңгейі тексерілді. Дозиметрлік аспаптармен тексеру кезінде радиациялық фоннан ешқандай ауытқулар анықталмаған. Ұшу аппаратының құлауынан адамдарға да, жануарларға да ешқандай зақым келмеген», - деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі Қайрат Тарбаев.
Бұрын хабарланғандай, нысана-зымыранның сынықтары ресейлік әскерилерге тапсырылады.