14:06, 26 Қазан 2009 | GMT +5
Атырау облысында Мақат стансысы арқылы пойыздар қозғалысы жанданды
АТЫРАУ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында бүгін түнде вагондар, мұнай цистерналары аударылып,

өрт болған Мақат стансысы арқылы пойыздардың қозғалысы жанданды.
Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, теміржолшылар жолаушылар пойыздарын өткізіп болған соң, жүк пойыздары үшін де қозғалыс ашылады.
Мақат - Маңғыстау облысына, көрші Өзбекстан және Түркіменстанға, сондай-ақ Ақтөбе бағытында пойыздар жүретін үлкен тораптық стансы.