Атырау облысында шағын және орта бизнес 10,5 миллиард теңге алды

АТЫРАУ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында шағын және орта бизнес кәсіпорындары ағымдағы жылдың 9 айында 101 миллиард теңгенің өнімін өндірді және қызметін көрсетті.
None
None

«Жылдың басынан бері шағын және орта бизнесте 156 жаңа нысан ашылды, 539 қосымша жұмыс орны құрылды. Облыста бүгінде барлығы 33 852 шағын және орта бизнес субъекті тіркелген», деп хабарлады облыстық әкімдіктің кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту басқармасының бастығы Олег Басиев.

Маманның пікірінше, аймақтағы шағын және орта бизнестің табысты қызметі, бірінші кезекте, кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған қолдаумен байланысты. Екінші деңгейлі банктер, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен «Кәсіпкерлікті қолдаудың «Даму» қорының» өкілдері жылдың басынан бері шағын және орта бизнесте 10 миллиард 522 миллион теңгенің жобаларын қаржыландырды.

Соңғы жаңалықтар