Атырау облысында «Соғым» жедел шарасы барысында 11 қылмыс ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының аумағында мал ұрлығының жолын кесу, алдын алу және оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау, бұған дейін тіркелген мал ұрлығы қылмыстарын ашу мақсатында 20-22 қазан аралығында «Соғым» жедел алдын алу іс-шара өткізілді, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Жедел іс-шара кезінде ІІД Криминалды полиция, Әкімшілік полиция басқармалары қызметкерлері бірлесіп мал ұрлықтарын жасайтын адамдарды ұстау, жауапкершілікке тарту, сондай-ақ мал сатумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында мал сойылатын пункттер, мал және ет өнімдері сатылатын сауда нүктелерін, ауылшаруашылығы жануарларын тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарын тексеріп, бірлескен түрде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Іс-шара барысында облыс бойынша барлығы 200-ден астам қызметкер жұмылдырылып, нәтижесінде 150-ден астам мал және 20-дан астам ет өнімдерін тасымалдайтын көліктер тексерілді. Жедел іс-шаралар нәтижесімен 11 қылмыс ашылып (оның ішінде 2 қылмыс өткен жылғы қылмыстардың санатынан), 15 дана ірі қара мал иелеріне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум