Атырау облысында стоматологиялық клиника ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Алмалы ауылында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында стоматологиялық клиника өз жұмысын бастады.
None
None

«Өз бизнесімді бастауға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алған 3,5 млн теңге кредит мүмкіндік берді. Ғимарат дайын болған соң жұмысты үйіріп әкету еш қиындық туғызған жоқ, себебі мен өзім 20 жыл дәрігер болып жұмыс істегенмін. Алмалы ауылында бұрын ешкім тіс емдеумен айналыспаған, сондықтан тұрғындар не Махамбет ауданына, не Атырауға барып емделетін. Бүгінгі таңда клиникада үш маман жұмыс істеп жатыр. Біз әрі емдейміз, әрі протездейміз. Сондықтан ауыл тұрғындарының басқа жаққа баруы қажетсіз болып қалды», - дейді жеке кәсіпкер Гүлмира Құрманғалиева.

Соңғы жаңалықтар