21:09, 19 Сәуір 2014 | GMT +5
Атырау облысында темір жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Алматы-Атырау» пойызында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне пойыздағы жолаушылардың бірі хабарлаған. Жолаушының айтуы бойынша, қаза болғандар жоқ, алайда көптеген адамдар жарақат алған.
Қазір жарақат алған адамдарға медициналық көмек көрсетілуде. Кейбірін жедел жәрдем көлігімен алып кетіп жатыр.
Оқиға Атыраудан 200 шақырым жерде Сағыз станциясының маңында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 шамасында орын алған.
Куәгердің айтуын қарағанда, пойыз аударылмастан бұрын қатты соққының дауысы естілген. Содан соң барып пойыз біртіндеп сырғи бастаған. 9 вагон рельстен шығып кеткен, ал оның төртеуі аударылып қалған көрінеді.