16:44, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Атырау облысында түрлі кәсіпті игерген 7 мыңдай жұмысшы әзірленеді
АТЫРАУ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында жұмысшы мамандықтарын кәсіби дайындауға және қайта мамандандыруды ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 863,2 миллион теңге бөлінді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл қаражатқа 6902 адамды оқыту жоспарланып отыр, бірінші кезекте жұмыстан қысқарғандар мен жұмыссыз отырғандар тартылады. Олардың ішінде, түрлі жұмысшы кәсібінің игерген 4600 адам шетелдік жұмысшыларды алмастыратын болады.