Атырау облысында үш бала сандықта тұншығып, мерт болды

АТЫРАУ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында ойнап жүріп, сандықтың ішіне тығылған үш бала тұншығып өлді.
None
None

Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, қайғылы оқиға аудан орталығы - Құлсарыда болды. Үш және алты жастардағы екі қыз бен жеті жасар ұл бала ойнап жүріп, әжелерінің ескі сандығына жасырынған. Сандықтың ауыр қақпағын ашуға балалардың әлі жетпеген.

Үйдегі үлкендер балаларды сандықтан олар ессіз халде жатқанда тапқан. Оларды аудандық аурухананың оңалту бөлімшесіне жеткізгенмен, балаларды құтқарып қалу мүмкін болмады.

Соңғы жаңалықтар