Атырау облысында жаңа табиғи апат орын алды

АТЫРАУ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау мен облыстың көптеген аудандарында түнде басталып, осы уақытқа дейін толастамай жауып тұрған жаңбыр жолдардың үстіне қатып, оларды мұзайдынына айналдырды.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарованың сөзіне қарағанда, жол полициясының барлық қызметкері күшейтілген жұмыс режіміне көшірілді. Облыстың республикалық маңызы бар жолдарында жолаушыларды тасымалдайтын көліктердің қозғалысына тыйым салынды.
«Қазіргі уақытта қалада көпірлердің үстіне тұзды ерітінділер қолданылуда. Екі көпір көлік қозғалысы үшін ашық», - деп ақпараттандырды Г. Мұхтарова.
Биылғы жылы Атырау облысында қатты көктайғақ орын алып отырған екінші табиғи апат. Ақпан айында облыстың көптеген аудандарында қардың екі жылдық мөлшері түсіп, көлік қозғалысын бірнеше аптаға қиындатты.