Атырау облысында жастар көшбасшыларының форумы өтті

АТЫРАУ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау облысының Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында жастардың көшбасшылық клубтарының форумы өтті. Ол Туризм күніне орайластырылды.
None
None

Форумға аудандағы 11 көшбасшылық клубтардан 100-ге тарта адам қатысты. Балалар өздерінің болашақ жоспарлары жайлы әңгімелеп, тәжірибелерімен бөлісті, іскерлік ойындарға қатысты, жастардың әлеуметтік проблемаларын талқылады. Одан кейін туристік соқпақтарда жарыс ұйымдастырды, шатырлар тігіп, алау жақты

Форум ауқымында «Жылыой Азимут» жасөспірімдер туристік клубы ауданның көрікті жерлеріне арналған фотокөрме ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар