Атырау облысында жоғалған оқушы қыздар табылды

АТЫРАУ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешқұрым Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында полицейлер іздеуге жарияланған оқушы қыздарды тапты.
None
None

Құлсары қаласында он жастағы қыздарды іздестіру жұмыстары күннің екінші жартысында қолға алынды. Оған екі әйелдің полиция қызметіне тапсырған арыздары түрткі болды. Аналардың айтуынша, қыздары мектептен оралмаған, ал оларды өз бетімен іздестіру әрекеттері еш нәтиже бермеді.

Аймақтың ІІД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тәртіп сақшылары мен олардың ерікті көмекшілері бірқатар ықшам аудандарды қарап шықты. Нәтижесінде жоғалған 4-ші сыныптың оқушылары тұрғылықты жерлерінен айтарлықтай қашықтан табылды. Қыздардың айтуынша, олар қараусыз қалған дүкенге ойнау үшін барған...

Соңғы жаңалықтар