Атырау облысында «Жол картасы» бағдарламасы аясындағы жобалардың жартысынан астамы табысты іске асырылды

АТЫРАУ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Жол картасы» бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асырумен айналысатын кадрларды даярлауға және қайта даярлауға баса көңіл бөлу қажет.
None
None

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында осындай пікір айтылды.

Отырыста әңгіме «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын жобалардың орындалуы туралы болды. Жалпы алғанда, жобалар көзделген мерзімінде іске асырылуда. Индер, Исатай, Жылыой аудандарында электр желілерін қайта құру аяқталды. Бес аудан орталығындағы жолдар мен «Атырау-Дамба» жолы күрделі жөндеуден өткізілді. «Атырау» халықаралық әуежайын қайта жаңартуға байланысты екі жоба аяқталды.

Соңғы жаңалықтар