Атырау облысында жолдың бойынан әскери снаряд табылды

АТЫРАУ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысы, Махамбет ауданы Жалғансай ауылының тұрғыны жолдың жиегінен әскери снаряд тауып алды.
None
None

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың сөзіне қарағанда, қауіпті олжа туралы құқық органдарына хабарлаудың орнына ол снарядты арбаға салып, үйінің ауласына алып келген. Тек содан кейін ғана, табылған заттың пайдасы жоқ екендігіне көз жеткізген соң полицияға хабар берген.

«Оқиға орнына жеткен әскери бөлімнің саперлары қауіпті затты алды. Снарядтың қайдан шыққанын анықтау мақсатында тексеру амалдары жүргізілуде», -деді Г. Мұхтарова.

Алғашқы болжам бойынша, тотыққан снаряд азаматтық соғыс жылдарына жатады. Дегенмен,  оның қыстыгүні, жердің бетіне қалай шығып қалғаны түсініксіз.

Соңғы жаңалықтар