Атырау облысындағы «Матин» кен орнындағы апатты жоюға 30 адам мен 8 техника жұмылдырылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Атырау облысы «Матин» кен орнының № 312 ұңғымасында газ атқылағанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.
None
None

Бұл оқиғаға қатысты ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен қосымша ақпараттар түсті.

Хабарламада газ-су бұрқағының қысымы шамамен 35-40 атомосфераны құрады деп атап өтілген. Газдың атқылауына ауыр бұрғылау құбырларының екі оқтауының арасындағы калибраторлардың босап кетуі себеп болған.

Апат орнында «Матин» кен орнының № 312 ұңғымасындағы газ-су бұрқағын жою үшін штаб құрылды. Апат орнын қалпына келтіру жұмыстары бойынша жоспар жасалды. 6 шілдеге дейінгі істелген жұмыстарды айтатын болсақ, ұңғымадан атқылаған ауа-газ қоспасы ( 90% ілеспе газ, оның ішінде 10% метан, 10% су) сарапталды.

«Жою жұмыстары штаттық режімде «Матин» кен орнының № 312 ұңғымасындағы газ-су бұрқағын жою жоспары» бойынша жүргізіліп жатыр», - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Жаппа шеккендер жоқ. ТЖ-нің жою жұмыстарына «Ақ Берен» РМҚК жеке құрамынан 13 адам, екі техника бірлігі, «Матен Петролиум» АҚ мен «НИА Дриллинг» ЖШС-нен 15 адам, 5 техника бірлігі, Атырау облысы ТЖД-дан 2 адам, 1 техника бірлігі жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум