Атырау облысының әкімдігі су тасқындарына қарсы іс-шараларға 9,5 млрд. теңге бөлді

АТЫРАУ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Биыл Атырау облысының әкімдігі көктемгі су тасқындарына қарсы іс-шараларға жергілікті бюджеттен 9,5 млрд. теңге бөлді.
None
None

Бұл туралы бүгін бірінші вице-премьер Серік Ахметовтың қатысуымен өткен кеңесте облыс әкімінің орынбасары Серік Айдарбеков мәлім етті.

«Облыс бойынша аса өзекті мәселе - су тасқындары қаупіне байланысты қалыптасқан жағдай болып отыр. Биыл қар нормадан екі есеге көп түсті», - деді С.Айдарбеков.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта облыста қардан тазарту және оны шығару жұмыстары қарқынмен жүргізілуде. Бірақ қардың кенеттен еру мүмкіндігіне байланысты елді мекендерді су басу қаупі артуда.

Су астында қалу қаупі Атырау қаласы мен бірқатар елді мекендерге төніп отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, облыста 130 шақырым дамбыны қалпына келтіру керек, арналардың 4,5 шақырымына бекіту құрылыстарын салып, өзен арналарын тазарту керек. 

Осыған орай, облыс әкімі республикалық бюджеттен қосымша 2,5 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлуді сұрады.

Соңғы жаңалықтар