Атырау облысының әкімі Президентті ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық жұмыстарынан хабардар етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Б.Ізмұхамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ өңірдегі маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. Сонымен қатар, облыс әкімі ел Президентін Атырау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық жұмыстарының барысынан хабардар етті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар