Атырау облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Өңірдің бас педагогы лауазымына бұрын осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған 44 жастағы Қайырғали Кенжеғалиев тағайындалды. Жаңа басшыны облыс активінің отырысында аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев таныстырды.

Қайырғали Кенжеғалиев қатардағы мұғалімнен бастап, мемлекеттік қызметтің осы сала бойынша барлық жауапты орындарында еңбек еткен.  2016 жылдан бастап өңірдегі білім басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Н. Ноғаев жаңа басшыны қызметімен құттықтай келе, Атырау өңірінің білім саласынан айтулы өзгерістер күтетінін айтып, Қ. Кенжеғалиевке нақты тапсырмаларды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар