21:10, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Атырау облысының жағалаудағы екі ауылы паром мен кемеге ие болды
АТЫРАУ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені бөліп жатқан екі ауыл жаңа паром мен кеме алды.

Бұған дейін Жасталап және Көптоғай ауылдарының арасына қатынаған паром өткелі тұрақты жұмыс істемейтін - кеме әбден ескірген және жиі бұзылатын. Салы суға кеткен ауыл тұрғындары арғы бетке өту үшін әбден машақатқа түсетін. Бұдан былай ауыл тұрғындары үшін паром өткелі тұрақты жұмыс істейтін болады.
12 миллион теңгеге түскен паром мен кемеге арналған қаражат облыстық бюжеттен бөлінді.