Атырау полицейлері Өзбекстан азаматтарын қорқытып, ақша бопсалаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласының №2 соты Атырау ІІБ екі полицейіне қатысты қылмыстық істі қарады.
None
None

Тергеу нұсқасына сәйкес, сотталушылар өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, Өзбекстан азаматтарын қорқытып, ақшалары мен ұялы телефондарын тартып алған.

«Екі полицей бірнеше рет Өзбекстан Республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан 800 мың теңгеден астам қаржыны жымқырған», - деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінде.

Сот үкіміне сәйкес, сотталушылар Н.Ф. мен Б.Р. ҚР ҚК 191-бабының 2- бөлігінің 2,3-тармақтарымен, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, құқық қорғау органдарында лауазымды қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар