Атырау прокурорлары Түркия азаматтарының құқықтарын қорғады

АТЫРАУ. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында прокурорлар «Аджип ККО» компаниясының «Болашақ» зауытының құрылысында жұмыс істеп жатқан бірнеше жүздеген қазақстандық және шетелдік жұмысшылар мен мамандардың жалақыларын алуларына көмектесті
None
None

«Қашаған» кешенінің мұнайы өңделетін «Болашақ» зауытының құрылысында жұмыс істейтін «Аджип ККО» компаниясының мердігерлік және субмердігерлік ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген тексерудің барысында бірқатар заңсыздықтар анықталды. Атап айтқанда, «Яманлар Иншаат Монтаж Санаий Ве Тиджарет А.Ш.» мердігер компаниясы 230 қазақстандық және түркиялық азаматтың құқықтарын бұза отырып, олардың 11 миллион теңге көлеміндегі жалақысын негізсіз кешіктіріп келген. Прокуратураның ұйғарымынан кейін, компания жұмысшылар мен мамандардың алдындағы жалақы берешегін өтеді. Жалақыларын тек қазақстандықтар ғана емес, Түркия азаматтары да алды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашева.

Соңғы жаңалықтар