Атырау тұрғыны ел аумағында лаңкестік қозғалысты насихаттағаны үшін сотталды

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Атырау тұрғыны лаңкестікті насихаттау туралы материалдар таратқаны үшін 1 жылға жалпы режимдегі колонияға кесілді,
None
None

деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

«Атырау қаласының тұрғыны Нұрекенов қалалық соттың ақпанның 24-індегі үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 233-ші бабы 1-ші тармағы бойынша, яғни лаңкестік туралы материалдар таратқаны үшін кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі колонияға 1 жылға кесілді», делінген ресми хабарламада.

Сотта анықталғандай, «Нұрекенов 2008 жылы исламшыл насихаттарды Интернет арқылы іздеу жолымен «Саид Бурятскийдің» сайтын тапқан және сондағы насихаттауларды ұстанып, «Бауырлас Мұсылмандар Қауымдастығының» идеологиясын қолдаған.

Ал Қазақстанның Жоғарғы соты бұл қауымдастықты лаңкестік ұйым деп таныған және ел аумағында оның қызметіне тыйым салынған. «Соған қарамастан, Нұрекенов, насихаттарды ұстанып, сайттан материалдар көшіріп, оларды достарының арасында таратқан», деп атап көрсетіледі хабарламада.

Соңғы жаңалықтар