Атырауда 1 248 оқушы толық жаңартылған мектепте сабақтарға кірісті

АТЫРАУ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін 1248 оқушы күрделі жөндеуден өтіп, толық жаңартылған №3 орта мектепте сабақтарға кірісті.
None
None

Мектепті Қашаған кенішін игеру жөніндегі солтүстіккаспийлік жобаның операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы толық жөндеуден өткізіп, заманауи құралдармен жарақтандырды.

Сонымен қатар мектеп жанында волейбол, баскетбол алаңдарын, бастапқы әскери даярлық өткізетін алаң салып берді. Оқу орнына химия, шет тілі кабинеттері үшін жабдықтар, сондай-ақ компьютерлер, ұйымдастыру техникасы, жиһаз сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар