18:14, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
Атырауда 12 млн. теңгенің алтын бұйымдарын қолды қылған қылмыскер ұсталды
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Атырау облысы ІІД-нің қызметкерлері Атырау қаласындағы сауда үйлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Естеріңізге салайық, аталған қылмыс 2011 жылдың 22 наурызында жасалған болатын. Ұсталған күдікті топ болып, сауда үйінің күзетшілеріне қарақшылық шабуыл жасау арқылы зергерлік бұйымдар бутигінен 12 миллион теңгені құрайтын алтын бұйымдарды иеленіп кеткен болатын.
«Қазіргі кезде күдіктінің басқа да осыған ұсқас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып, сыбайластары іздестірілуде», - деді Н. Ораз.