Атырауда 16 адам лаңкестік үшін сотталды

Сотталушылардың үшеуі өткен жылы, қалғандары 2013 жылғы ақпанда ұсталған. Сол кезде құқық қорғаушылар облыс аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың әшкереленгені жөнінде мәлімдеген болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топ тек Атырау облысы тұрғындарынан ғана емес, сондай-ақ, көршілес Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұрғындарынан құралған.
Айыпталушылар облыс аумағында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы бірқатар лаңкестік әрекет дайындаған. Олардың кейбіреулері қару-жарақ және жарылғыш заттарға арналған компоненттерді сатып алуға ақша табу үшін жолшыбай мал ұрлаумен айналысқан.
Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Серік Сүлеғалиевті 18 жылға, Ыбырай Ыдыр және Қайрат Меңдіғазиевті - 17 жылға, 10 адамды - 15 жылға, ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесін 13 жылға соттады және екі адамға 12 жыл қатаң тәртіп колониясында өтеу жазасы кесілді.