16:53, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырауда 2011 жылы жеті балабақша салынады
АТЫРАУ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда 2011 жылы жеті балабақша салынады. Бұл туралы актив жиналысында қала әкімі Мереке Есмұратов хабарлады.
Жаңа балабақшалардан бөлек, қосымша тіркеме ғимараттар есебінен бірнеше жұмыс істеп жатқан балабақша кеңейтіледі.
Өткен жылы Атырауда «Балапан» бағдарламасы аясында 280 орындық балабақша тапсырылды, ал 12 бүлдіршіндерге арналған мектепке дейінгі мекеме әр қайсысы 120 орынға қосымша құрылыс ғимаратына ие болды. Сонымен қатар осыған дейін заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен екі балабақша қайтарылды.