Атырауда алаяқтық үшін әкімдік қызметкері 3 жылға сотталды

АТЫРАУ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда қалалық әкімдіктің қызметкері Асқар Дүйсембиев аса ірі көлемде алаяқтық жасағын үшін 3 жылға сотталды.
None
None

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, ол Атырау қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің энергетика секторының бас маманы қызметінде бірнеше азаматты алдап соқты. Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізуге көмектесуге уәде еткен А. Дүйсембиев олардың 4,2 млн. теңгесін жамбасына басқан.

«Аталмыш факті бойынша А. Дүйсембиевке қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен А. Дүйсембиев ҚР ҚК-нің 177-бабы, 3-бөлімінің «б,г» тармақтары бойынша («Алаяқтық») кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен қоса 3 жылға сотталды», - деп хабарланды облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар