07:49, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Атырауда анасы мен баласы қыстаққа жете алмай, үсіп өлді
АТЫРАУ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысының Құрманғазы ауданында 46 жастағы әйел мен оның 14 жастағы ұлы қаза болды.

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова атап көрсеткендей, қайғылы оқиға өткен сенбі күні болды. Қыстақтардың бірінде тұратын Гүлбаршын Қамариденова Балқұдық ауылынан ұлын демалыстарға алып кетіп, өзі тұратын қыстаққа бет алған. Бірақ олар үйлеріне жете алмады. Жексенбі күні жоғалғандарға іздеу салынды. Дүйсенбі күні анасы мен баласының өлі денелері қыстақтан үш шақырым жерде, ең далада табылды. Анасы баласын өз денесімен жылытпақ болып, кеудесіне қысып жатқан күйі көз жұмған.