Атырауда аңызға айналған ұшқыш Хиуаз Доспанованың мүсіні ашылды

ТЫРАУ. Мамырдың 7-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау қаласындағы саябақтардың бірінде аңызға айналған қазақтың жауынгер-әйел ұшқышы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың қоладан жасалған мүсіні салтанатты түрде ашылды.
None
None

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Бергей Рысқалиев, ұшқыштың ұлы Ербол Әміров, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мыңдаған қала тұрғындары қатысты.

Хиуаз Доспанова бұрынғы Гурьев, Қазіргі Атырау облысының Ганюшкино ауылында дүниеге келген. 1940 жылы мектепті алтын медальмен бітірген соң, Мәскеу медицина институтына оқуға түседі. Мектепте оқып жүріп-ақ Хиуаз аэроклуб ұшқышының куәлігін алады. Бірінші курстан кейін Хиуаз Доспанова өз еркімен майданға аттанады.

Ол әйгілі 588-ші түнгі бомбалау полкінде соғысқан. Штурман-атқыш болған. Дәл осы полктің ұшқыш қыздарын немістер көзсіз батырлықтары үшін түнгі мыстандар деп атаған. Хиуаз өз майдандастары Наталья Меклина, Раиса Аронова, Александра Хорошилова, Евгения Жигуленколармен бірге жау шебіне 300 әскери ұшу шабуылдарын жасаған. Ол қатты жараланған. Бірақ екі аяғының жарақатына қарамастан Хиуаз қайтадан қатарға оралып, ұша бастады. Жеңісті ұшқыш қыз Берлин түбінде қарсы алған.

Ержүректігі мен батырлығы үшін Хиуаз Доспанова Қызыл жұлдыз орденімен, 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы және де басқа көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстан Президентінің Жарлығымен Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында оған «Халық Қаһарманы» атағы берілген.

Соғыстан кейін Хиуаз Доспанова қоғамдық қызметпен айналысқан, партия органдарында жұмыс істеген. Аудандық комитеттің нұсқаушысы қызметінен Қазақстан ЛКСМ ОК хатшысы, кейін Алматы қалалық партия комитетінің хатшысына дейін қызмет істеген.

Соңғы жаңалықтар