Атырауда аудандық және оған теңестірілген соттарға жаңа төрағалар тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 желтоқсан күні Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов облыстың судьялар корпусына жаңадан тағайындалған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын таныстырды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Қазақстан Республикасы Президентінің 30 қараша 2015 жылғы №119 Жарлығымен Махамбет аудандық сотының төрағасы болып, бұрын Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотын басқарған Қадырғалиев Базарғали Мамышұлы, ал Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы болып, Жамбыл облысы Талас аудандық сотының судьясы болған Жақсылық Жасұлан Берікұлы тағайындалды.

Сонымен қатар, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының төрағасы Файзуллина Балтуған Ахметқызының құрметті отставкаға шығуына байланысты, оның орнына Атырау қалалық сотының судьясы Жұмабаев Болатбек Бақтығалиұлы төраға болып тағайындалды.

Елбасының Жарлығымен құрметті отставкаға Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Хаженова Гүлнәр Рамазанқызы шықты.

Ресми таныстырудан соң облыстық сот төрағасы жаңадан тағайындалған төрағаларға сәттілік тілеп, сот төрелігін әрдайым жоғары сапада жүзеге асыру керектігін еске салды. Ал құрметті отставкаға шыққан әріптестеріне көпжылдық, адал еңбектері үшін алғыс білдіріп, сот жүйесіне сіңірген еңбектерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар