Атырауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қызуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімін әкелетін жәрмеңке қыза түсті. Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған жәрмеңкеде барлық өнім арзан бағада өткізіледі.

«Бірінші кезекте, өнім сырттан әкелінбеген, жергілікті. Бұл бағасынан да белгілі. Мысалы, қызанақ 100 теңге, базарда 150, картоп - 70, базарда 100-120 теңге», - деді сатып алушылардың бірі Ботагөз Әубекерова.

Демалыс күндері барлық қалалықтар бір аптаға өнім сатып алу үшін базарға асығуы дәстүрге айналған. Әсіресе, қазір маусым кезінде. Вокзал маңында алаңда барлық периметр бойынша сауда қатарлары орналастырылады. Мұнда көкөніс, жеміс-жидек, ет, балық сүт өнімдері тиелген көліктер өз өнімдерін әкеледі.

«Махамбет ауданының «Дастан» шаруашылық қожалығынан сатып алдым. Кезек ұзын-сонар болса да, бір келі картопты 70 теңгеге сатып аласың. Қарбыздардың келісі 50 теңгеден. Баклажан 100 теңге, пияз 80 теңге. Сүт фермасы ешкі сүтінен жасалған қышқыл сүтті өнімдерін алып келді», - деп әсерімен бөлісті қала тұрғыны А. Приходько.

Өңірдегі белгілі «Амангелді» өндірістік кооперативі жәрмеңкеге келісі 270 теңгеден жаңа ауланған сазандарды, кептірілген балықтарды жеткізеді. Нарыққа жуырда шыққан «Алмалы құс» кәсіпорынының жұмыртқалары жақсы өтеді.

«Әр демалыста жәрмеңкеге келеміз. Жұмыртқаны 10-15 теңгеден сатамыз. Сағат таңғы 8-ден түскі 2-ге дейін 9-10 мың жұмыртқа сатамыз. Бір нүкте жайында ғана айтып отырмын. Бізде тағы екі сауда орны бар. Сауда жақсы жүріп жатыр», - деді сатушы Абай Ағрапов.

Соңғы жаңалықтар
telegram